Оралдық оқушылар Америкадан олжалы оралды
Оралдық екі оқушы дрон басқару жарысынан екінші орынға ие болды.

Оралдық Райымбек Габдуллин мен Наурызбек Есетов Америкада дрон басқару жарысына қатысып, екінші орынды қанжығалады. Олар тек Жапониядан келген қатысушыларға есе жіберіпті. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. “Multi GP” дрон басқару чемпионатына қатысу үшін Райымбек пен Наурызбек жарты жылдай дайындалған. Әуелі олар дрон басқарудан онлайн сайысқа қатысып, бақ сынаған.
Халықаралық сайыс бірнеше категория бойынша ұйымдастырылыпты.