Оралдық оқушы ҰБТ-дан 135 балл жинады

ҰБТ-дан ең жоғарғы көрсеткішті Малика Наурызбай жинады.

Оралдық оқушы ҰБТ-дан 135 балл жинады
БҚО білім басқармасының фотосы

Оралдық жас түлек Малика Наурызбай ұлттық бірыңғай тестілеуден 135 балл жинады. Бұл көрсеткіш облыс бойынша күні бүгінге дейінгі ең жоғарғы деп бағаланыпты. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. 

Малика — облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында білім алған. Ол жетінші сыныптан бері химия-биология бағытында оқыған. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл ҰБТ-ға 12 сәуірден бастап өтініш қабылдау басталды. Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, бесінші шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. 


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp