Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың он екі айы мен 2026 жылдың қаңтарында 863 адам көктайғақта құлап, жарақат алған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары хабарлады. Науқастардың 356 аурухана кереуетіне танылған.Қалғандары амбулаториялы түрде ем-дом қабылдаған.
Дәрігерлер жарақат алған жандардың қол-аяғы сынып, жабық ми жарақаты мен жұмсақ тіндердің соғылуы мен ми шайқалу деректері тіркелетін хабарлады.
Ал, 2024-2025 жылдары көктайғақтың кесірінен 1766 адам медициналық көмекке жүгініпті.
Дәрігерлер көктайғақта сақ болуға шақырады. Олар таймайтын табаны бар аяқ киім киюге, ұсақ қадаммен жүруге, қолды қалтаға салмай, қажет болған жағдайда мұзға қарсы жапсырма (шипы) қолдануға кеңес береді.