Оралда жалған құжаттарды пайдаланған жүргізушіні анықтады. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлайды. Тәртіп сақшылары Toyota Camry автокөлігін тоқтатыпты. Темір тұлпарды 29 жастағы қала тұрғыны басқарған.
Құжаттарды тексеру кезінде көліктің техникалық паспортының жалған екені белгілі болыпты.
— Аталған дерек бойынша жүргізуші мен көлік құралы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деп хабарлайды polisia.kz.