Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек браузердегі картада сілтеме арқылы ғана қолжетімді болды. Енді бұл қызмет оданда ыңғайлы бола түсті. Яғни, жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын Яндекс Go қосымшасы арқылы көруге болады.  Шақырту түскен кезде, жүйе автоматты түрде Яндекс Go қосымшасынан push-хабарлама жібереді және медицина мамандары қай жерде келе жатқанын, сондай-ақ оның қанша уақыттан кейін келетінін көрсетеді.

Бұл ақпаратты туысыңызға тікелей қосымшадан жіберуге болады. Егер қосымша орнатылмаған болса, өтініш берушінің телефонына картаға кіретін сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Картаны браузерден ашқан кезде, пайдаланушы жедел жәрдемнің қозғалысын нақты уақыт режимінде көре алады. 

Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов бұл бастама Ақтөбе әкімдігімен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп іске асырылғанын атап өтті. Алғашқы кезеңде мүмкіндік Ақтөбедегі тек белгілі бір шақыртуларға ғана қолжетімді. Болашақта оны қала бойынша барлық шақыртуларға енгізу жоспарланып отыр.