31 желтоқсан мен 1 қаңтарда Оралда қатынайтын автобустардың кестесі өзгеріссіз қалмақ. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сала мамандары: «Әр маршрут кестесіне сай жүреді»,-деп сендірді.

Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласында күн сайын жолаушыларды тасымалдау үшін 300-ден астам қоғамдық көлік жүреді. Облыс орталығында алты автопарк жұмыс істейді.