БҚО-да шенеунік өзіне заңсыз 766 мың теңге сыйақы тағайындаған
БҚО-да Жәнібек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтік өкілетін асыра пайдаланған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтік лауазымын асыра пайдаланған. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Жауапқа тартылған бөлім басшысы тәртіп жазасы бола тұра, өзіне заңсыз сыйақы тағайындаған. Сыйақының жалпы мөлшері 766510 теңгені құрапты. Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы биылғы жылдың 17 наурызында Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізді.
Ұсыныстан кейін, тәртіптік кеңес ұсынымына сәйкес аудан әкімдігі бөлім басшысын лауазымынан босатты. Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтеліпті.