Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірде «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» тас жолы жабылды. Тас жол күн райы жақсарғанша жабық болмақ. Облыстық полиция департаменті жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сілтеме жасап, хабарлады.

«Қаз Авто Жол» компаниясының таратқан ақпарына сүйенсек, бесінші қаңтар сағат 17.00-ден бастап «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 393-526 шақырым аралығы жүк пен қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу енгізілді.

–Батыс Қазақстан облысы: - «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін). Ақтөбе облысы: - «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін),–деп хабарлайды «Қаз Авто Жол» компаниясының баспасөз қызметі.

Жолды алтыншы қаңтар сағат жетіде ашу жоспарланған. Жолдар мен көлік қатынасы жайлы ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.