Оралда шаңғы тебудың маусымы ашылды. Спорттық шараға 160-қа жуық спортшы қатысты. Бұл туралы Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады. Сайыс «Орал» СК теңгеріміндегі «Арқанды саябақ» спорт базасында өтті.
Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің таратқан ақпарына сүйенсек, маусымашарға орай ұйымдастырылған жарыста «Орал» СК, №6 ЖОББМ, ОБЖСМ, ОСДЮШОР, Теректі ауданы, ГЭН, №21 ЖОББМ, №24 ЖОББМ, №5 ЖОББМ командасы бақ сынапты.
Спортшылар келесі келесі жас санаттары бойынша:
2016 жылы туған және одан кіші, сондай-ақ 2015–2014 ж.т. қыздар мен ұлдар — 500 метр қашықтықта;
2013–2012 ж.т. қыздар — 1000 метр қашықтықта;
2010–2011 ж.т. ұлдар — 1500 метр қашықтықта;
2011–2012 ж.т. ұлдар — 1500 метр қашықтықта;
2008–2009 ж.т. қыздар мен ұлдар — 2500 метр қашықтықта;
2007 жылы туған және одан үлкен қыздар мен ұлдар — 2500 метр қашықтықта сынға түсті.
Қала тұрғындары мен қонақтары «Арқанды саябақ» спорт базасының аумағында шаңғы тебе алады. Спорт база «Исатай-Махамбет» ескерткішінің қасында, «Водник» аялдамасында орналасқан. Мекеме таңғы сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін жұмыс істейді.