21 апреля в 13:55

Қазақстанда 3 бірдей қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

Қазақстанда «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржы пирамидасының қызметі тоқтады.

Қазақстанда «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржы пирамидасының қызметі тоқтады.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда трейлерден пайда көресің деген қаржы пирамидаларының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агентігі хабарлады. Сала мамандарының сөзіне сенсек, қылмыскерлер салымшыларға жоғары пайда көресің деген сылтаумен инвестициялық жобаларға қыруар қаражат салуға көндірген. 

Жобаның өзі тоғыз деңгейден құралған екен. Орташа салым 225 мың теңгені құраған. Олар төлемдерді тек USDT криптовалютасында қабылдапты. Мәселен, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліпті. Олар криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған. 

Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp