Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәдениет министрлігі әзірлеп жатқан құжатқа сәйкес, TikTok, Instagram, Facebook, Threads, X және VK секілді платформаларға шектеу қойылуы мүмкін.

Министрлік мәліметінше, бұның басты мақсаты балаларды буллингтен, алаяқтардан және басқа да зиянды нәрселерден қорғауды көздейді. Ал WhatsApp пен Telegram-ды еш кедергісіз пайдалана алады.

Айта кетейік, Roblox пен Minecraft әлеуметтік желілерге жатпайтындықтан, оларды шектеу қарастырылмаған. Құжатқа қатысты түзетулер әлі қабылданған жоқ және оны қоғамның талқылауына 29 желтоқсанға дейін шығару жоспарланған.