Батыс Қазақстан облысында тыйым салынған заттарды таратуға қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.Тәртіп сақшылары қолға түскен күдіктіні тінту барысында изолентамен орналған 22 түйіншекті тауып, тәркіленген. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болған.
– Кәмелетке толмаған жігіттің айтуынша, ол екі ай бойы есірткіні заңсыз өткізумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде курьер болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оның құқыққа қайшы қызметке қалай тартылғаны және қылмыстық схеманы ұйымдастыруға қатысы бар азаматтар анықталуда,-деп хабарлады Polisia.kz.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.