Маңғыстауда салық төлемеген тұрғынға қылмыстық іс қозғалды

Тұрғын салық төлеуден жалтарыпты. Төлемеген салық 218 млн теңгені құрайды.

Маңғыстауда салық төлемеген тұрғынға қылмыстық іс қозғалды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстауда мүлік сатып, салығын төлемеген тұрғынға қылмыстық іс қозғалды. Ол мүлік табысынан 218 миллион теңгесін жалтарып қалған.Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. 

Салық кодексінің 330 бабына сәйкес, жеке тұлға ел аумағындағы мүлкін саудалау кезінде құн өсімінен түсетін  кіріс жатады. Бірақ тұрғын салық органдары жолдаған хабарламаға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған. 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы қылмыстық кодекстің 244 бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp