Биыл 242 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
45 мыңнан астам жанұяға 13,4 миллиард теңге қаржы төленді.

Биылғы жылдың бірінші маусымында 242 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Мемлекеттік жәрдем 45 мыңнан астам отбасыға көрсетілді. Оларға 13,4 миллиард сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты.
Биыл атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін бюджеттен 132,9 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Сала мамандары атаулы әлеуметтік негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару деп айтады.
Атаулы әлеуметтік төлемдер мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы бір жас мен алты жас аралығындағы әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы бірінші маусымға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 74,5 мың балаға 1,8 миллиард теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайыздан төмен емес деңгейде айқындалған.
Фото: pixabay.com