Ақтөбеде заңсыз қару алып жүрген тұрғын жауапқа тартылды

Ақтөбеде заң бұзған азамат айыппұл арқалады

Ақтөбеде заңсыз қару алып жүрген тұрғын жауапқа тартылды
Фото: pexels.com

Ақтөбеде заңсыз қару алып жүрген азамат жауапкершілікке тартылды. 

Бұл туралы Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады. К. есімді азамат темір жол вокзалының ауданында ішкі істер органдарында тіркелмеген дүмі жоқ қаруды заңсыз алып жүрген. Сот отырысында тұрғын кінәсін мойындапты. 

Ол қаруды Құлсары қаласынан тауып алғанын айтты. Сот заң бұзған азаматты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482 бабының бірінші бөлігі бойынша жауапқа тартты. 

Заң бұзған азамат 78 640 теңге көлемінде айыппұл арқалады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Фото: pexels.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp