Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Еске салайық, бұған дейін Серік Сәпиев соққыға жығылып, орынбасары тергеуге алынғанын хабарлаған едік.
Артынша желіде оқиғаның видеосы тарады. Серік Сәпиев сол күні даулы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.
Бұл оқиғаға байланысты Қарағандының Спорт басқармасында аудит жүргізіледі.