15 қаңтарда Ақтөбе облысының барлық мектебі онлайн оқуға көшті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 1 мен 11 сыныптың оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн білім алмақ. Сондай-ақ ақтөбелік оқушылармен қатар Атырау қаласында орналасқан 71 мектептің өрендері де онлайн форматта оқымақ.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде -18-20 градус болып, күндіз -13-15 градус нөлден төмен болып, секундына 15-20 метр болатын екпіні қатты жел болады деп күтілуде.Синоптиктер Атырауда бүгін қар жауады деп хабарлаған еді.