Air Astana компаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстерге өзгерістер енгізбек. Бұл туралы ұлттық әуе тасымалдау компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға ұшатын рейстер өзгеріске ұшырайды.

– Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады. Байланыс үшін: брондау және ақпарат орталығы: +7 (727) 244 44 77, +7 702 702 44 77; Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан жағдайда: +7 (727) 244 44 78 WhatsApp: +7 702 702 00 74 нөміріне хабарласуға болады,–деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.