2025 жылы Ақтауда бауыр еті баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерден 174 миллион теңге өндірілген. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады. Прокурорлар борышкерлерден пәтер мен төрт көлікті тәркілепті.

Табысын жасырып, ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарған 52 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Және аймақта 19 адамға қатысты қылмыстық іс тіркелген.