Елімізде 31 қаңтарда ҚАЗТЕСТІ сынағы өтпек. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Орталық білімін сынап көрмек жандарға 15-30 қаңтар аралығында өтініш беру керектігін ескертеді.
Тестілеу Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан қаласында өтпек.
ҚАЗТЕСТ жүйесі төрт блоктан тұрады. Тыңдалым 20 тапсырмадан тұрады. Оны орындауға 20 минут уақыт беріледі. Оқылым 40 тесттан тұрады.Оны орындау үшін 50 минут уақыт берілсе, жазылымда екі тапсырманы орындайды. Жазылым да 50 минуттың ішінде орындап аяқтауы шарт. Ең соңғы сынақ- айтылым.Мұнда жеті минуттың ішінде екі тапсырманы орындау керек.
Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады. Сынақ құны 7121 теңгені құрайды.