Орал қаласында «Халық заңгері» акциясы 29 қаңтарда ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Акция «Атамекен» өнер ордасында сағат 16.00-ден 19.00-ға дейін өтеді. Кез-келген тұрғын прокурорларға, құқық қорғау саласы мен әкімдік қызметкерлеріне жолыға алады. Акция аясында азаматтар үздік заңгер мен адвокаттардан кеңес сұрауға мүмкіндігі болады.
Өткен жылы ел аумағында «Халық заңгері» акциясы екі рет ұйымдастырылды.