Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынып, халыққа тегін берілетін 15 мың дәрі-дәрмек сатылған. Мұндай мәліметтерді денсаулық министрлігінде өткен жиында тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы жайып салды. Оператор болып «Қазақтелеком» Ұлттық компаниясы тағайындалған-ды.
Тегін дәрімен науқастарды қамту ісін жақсарту үшін министрлікте арнайы жиын өтті.
– Кездесу барысында бірыңғай оператор тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің ақпаратын пайдалана отырып, дәрілік заттардың айналымы саласындағы деректерді мониторингілеуге және талдауға арналған талдамалық платформаны ұсынды. Платформа мемлекеттік органдарға өндіріс пен импорттан бастап дистрибьюция мен бөлшек саудаға дейінгі айналымның барлық кезеңдерінде дәрілік заттардың әр қаптамасының қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға, сондай-ақ ауытқулар мен ықтимал бұзылуларды анықтауға мүмкіндік береді,– деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Жиында бірыңғай оператор мерзімі өткен 750-ден астам дәріні саудағанын хабарлады.