6 часов назад

Универсиадаға 4000 мыңнан астам студент қатысты

Студенттер арасында ұйымдастырылған сайысқа 79 оқу орнының командасы бақ сынады.

Универсиадаға 4000 мыңнан астам студент қатысты
Ғылым және жоғары білім министрлігінің фотосы

Түркістан шаһарында студенттер арасында жазғы универсиада ойыны өтті. Оған 79 оқу орынынан төрт мыңнан астам жас қатысты деп ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Сайыс 10 мамыр мен 13 маусым аралығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында ұйымдастырылды.

Универсиаданың ресми ашылу салтанаты 2025 жылдың 16 мамыр күні «Түркістан Арена» орталық стадионында өтті. Салтанатты рәсімге Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты.

Спорттық жарыстар «Түркістан Арена» орталық стадионы, Бекзат Саттарханов атындағы спорт сарайы, «Олимпик» спорт орталығы, сондай-ақ IUTH Спорттық-сауықтыру кешені секілді Түркістан қаласының негізгі спорт нысандарында ұйымдастырылды.

Спорттық дода бір айдан астам уақыт талап етті. Жас спортшылар тоғызқұмалақ, үстел теннисі, баскетбол,шахмат,тхэквондо, дзюдо,жеңіл атлетика,каратэ-до,бадминтон, волейбол,еркін күрес, әйелдер күресі, футзал,бокс, грек-рим күресі ,жүзуден бақ сынады.  

Сайыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте І орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жеңіп алды. Университет спортшылары 31 алтын медаль иеленіп, универсиада жеңімпазы атанды.

ІІ орынға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті тұрақтады.Аталмыш оқу орны 21 алтын медальді еншілепті. 

Үздік үштікті Қазақ спорт және туризм академиясы түйіндеді. Академия спортшылары 19 алтын медаль жеңіп алды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp