Оралда 331 626 мың текше метр қар шығарылған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінгі таңда шаһар аумағын ақ ұлпадан тазарту үшін 300-ден астам жұмысшы еңбектенуде. Оған қоса, 250-ден астам техника жұмылдырылған.

         — Алдымен магистральды көшелерге, қоғамдық көлік жүретін бағыттарға, әлеуметтік нысандарға, аялдама мен жаяу жүргіншілер жолдарына басымдық берілуде.Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен қозғалыс қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау және жол қауіпсіздігіне қатысты жұмыстар алдағы уақытта да күшейтілген режимде жалғасатын болады, – деп хабарлады Орал қаласының әкімдігі.

Қазіргі таңда жиналған қар Балауса мен Асан полигонына шығарылып жатыр.