Орал қаласында дүйсенбі күні сынап бағанасы түнде нөлден төмен болып, -2 болмақ. Ал, күндіз ауа райы +1 дейін жылынбақ. Gismeteo.kz сайтының хабарлауына сенсек, сегізінші желтоқсанда күн ала бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Жел батыс, солтүстік, солтүстік-батыстан болмақ.
Атырауда ауа райы түнде -2, күндіз+2. Жауын-шашын күтілмейді.
Ақтөбеде сегізінші желтоқсанда қар аралас жаңбыр жаумақ. Күндіз ауа райы -1, түнде ауа температурасы -5 болады деп күтілуде.
Дүйсенбі күні Ақтауда күндіз сынап бағанасы нөлден жоғары, 3 градус жыл, түнде -1 болмақ. Кешке таман жауын-шашын күтіледі.