Батыс Қазақстан облысында 179 адам тұмаумен сырқаттаныпты. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күні бүгінге дейін өңірде 52289 тұрғын жіті респираторлы вирусты жұқтырыпты. Сырқатқа шалдыққандардың басым көпшілігі- балалар.
–Тұмаудың 179 жағдайы тіркелді, оның ішінде А типінің H3N2 вирусы анықталған, былтырғы жылмен салыстырғанда аурушаңдылық 3,5 есеге өсіп отыр. Жас ерекшелігі бойынша, жағдайлардың басы көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар арасында 128 жағдай тіркеліп отыр. Ал жүкті келіншектер арасында 14 жағдай тіркелді,-деп хабарлайды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда балалар арасында сырқаттанғандардың саны артуына байланысты облыс аумағында 23 мектептің 53 сыныбы қашықтан білім алуда.
Орал қаласында– 5 мектеп, 7 сынып, 173 оқушы;
Бәйтерек ауданында – 6 мектеп, 15 сынып, 131 оқушы;
Жанақала ауданында– 1 мектеп, 1 сынып, 21 оқушы;
Теректі ауданында – 2 мектеп, 8 сынып, 44 оқушы;
Ақжайық ауданында – 1 мектеп, 2сынып, 42 оқушы;
Сырым ауданында - 1 мектеп, 2 сынып, 45 оқушы;
Тасқала ауданда- 5 мектеп, 12 сынып, 162 оқушы;
Қаратөбе ауданында – 1 мектеп, 5 сынып, 59 оқушы.