Ақтөбеде психотроптық заттарды саудалаған адам сотталды. Соттың үкімімен ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды. Прокурорлар таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотталған интернет-ресурс пен әлеуметтік желілер арқылы белгісіз тұлғалармен психотроптық заттарды сатуға уағдаласқан. Ол қала аумағында тыйым салынған заттарды жасырып, әрбір закладкасы үшін ақы алған.

Сот психотроптық заттарды саудалаған адамды кінәлі деп тапты.Сотталған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.