«Мой город» порталының You Tube арнасында жаңа жоба көрерменге жол тартты. Жаңа бағдарлама кәсіп ашқысы келетін жандарға арналады. Бұл хабарда өңір мен ел үшін тер төгіп, арманын шындыққа айналдырып, бизнесін дөңгелентіп жүрген жандар кеңесімен бөліседі.
«Кәсіпкерден кеңес» бағдарламасының алғашқы мейманы- оралдық кәсіпкер Нұрсұлу Ахметова. Кейіпкеріміз ата-дәстүрді дәріптеп, сирек кездесетін, көбінің жүрегі дауаламайтын кәсіп ашты. Ол ағаштан түрлі бұйым мен ыдыс-аяқ жасайды. Кәсіпкер түрлі қиындықтарды қалай еңсеріп жүр? Ағаштан ақша табуға болады ма? Осындай кәсіп ашқысы келетін жандарға Нұрсұлу Сәкөнқызының кеңесі қандай? Осы және өзге де сұрақтарға кәсіпкер сырын бүкпесіз баяндады. Бағдарламаны «Мой город» порталының You Tube арнасынан көріңіздер!