Батыс Қазақстан облысында 28 қаңтар мен үшінші ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіпті. Соның нәтижесінде 201 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілік арқалаған. Қоғамдық орында ішімдік ішкен 157 адам, алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзған он кәсіпкер және ащы суды заңсыз саудалаған екі адам жауапкершіліктен сытылмапты.

Бұдан өзге, тәртіп сақшыларының түрлі есебінде тұрған адамдардың мекенжайы тексерілген.

– Іс-шара барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 4957 тұлға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріліп, белгіленген шектеулерді бұзудың 48 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.