Биыл 11 мың қазақстандық ипотекалық несие рәсімдепті
2025 жылы 11 мың қазақстандық қоныс тойын тойлады.
Қазақстанда баспаналы болғысы келетіндер көп. Өзгенің босағасында жүріп, үйлі болғысы келетіндер алғашқы жарнасын жинап үлгермей жатып, баспана бағасы жылдан-жылға қымбаттап жатыр. Жыл санап баға артпаса, арзандаған жоқ. Елде түрлі ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Алайда алғашқы жарнаны жинауға да, ақшасы ауыспайды. Бар тапқаны несиесі мен азық-түліктен ауыспайтын жандар көп. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткен жылы елімізде 11 мың адам ипотекалық несие рәсімдегенін хабарлады.
Биыл 7746 қазақстандық «Наурыз» бағдарламасы арқылы үйлі болды. Бұл үшін 202 миллиард теңгеге несие берілген. Тұрғын үй саласында әлеуметтік осал топтар үшін жеті пайыз, ал қалған санаттағы жандар тоғыз пайызбен ипотека рәсімдейді.
Ел аумағында «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 2019 жылдан 2024 жылға дейін жеті мыңнан астам көпбалалы жанұя баспанамен қамтамасыз етілді. Биыл бір мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің келтірген мәліметіне сүйенсек, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы екі мыңнан астам көппәтерлі үй күрделі жөндеуден өтті. Өткен жылы 233 баспана жөнделді. 2025 жылы 421 тұрғын жайды жөндеу жоспарланған.