12 часов назад

Ақтөбе облысында 2,3 млн теңге көлемінде пара алған аудан әкімінің орынбасары сотталды

Ақтөбе облысында Шалқар ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны сотталды.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында пара алған Шалқар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 2025 жылдың 23 сәуірінде аудан әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаевқа қатысты үкім шықты. 

Олар өткен жылдың 27 желтоқсанында бірігіп, коммерциялық ұйым басшысынан 2,3 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Пара мемлекеттік сатып алу аясында орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою, төлем жүргізу және жалпы қамқорлық көрсету үшін берілген. 

Сот аталған лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына мемлекеттік қызметте, судья және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.